logo_zhsu

Блог Директора

Добро пожаловать на блог директора колледжа «Zhansugurov College».

Директор колледжа, д.п.н., профессор Мальтекбасов Марат Жабыкбаевич

Уважаемые пользователи сайта!

     Буду рад обсудить с Вами вопросы относительно деятельности «Zhansugurov College». У каждого человека есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения по адресу kolledzh.zhgu@bk.ru

             Надеюсь, что наше общение будет полезным.

 

С уважением  Марат Жабыкбаевич Мальтекбасов.

 

 КӘСІБИ БІЛІМ: ЖАНСҮГІРОВ КОЛЛЕДЖІН БІТІРГЕН ТҮЛЕКТЕР

ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

 Соңғы онжылдықта Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа белсенді кірігуіне байланысты әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаға түбегейлі өзгерістер енгізілуде. Қазіргі уақытта білім беру процесі көбінесе жеке тұлғаның қалыптасуына бағытталуда.

Елімізде білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі білімнен бастап жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету қажеттілігі қарастырылған. Үздіксіз білім беру мен болашақ мамандарға сапалы білім алуға жағдай туғызу мақсатында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанынан құрылған «Zhansugurov College» «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт», «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру», «Құқықтану», «Туризм», «Аударма ісі», «Қаржы», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Дизайн» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.

Колледжде педагогикалық мамандықтарға басымдық беріледі. Дуальді оқытуды енгізу шеңберінде барлық біліктілік бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары даярлануда. Бұл әрбір студентке орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) білім алу және еңбек нарығына шығу үшін өзінің оқу бағдарламасын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, интеграцияланған оқу бағдарламалары негізінде колледж түлектері қысқартылған оқу түрі бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде оқуын жалғастыра алады.

Жұмыс беруші - білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын команданың тең құқылы мүшесі. Жұмыс берушінің, білім алушы және колледждің мүдделерін байланыстыратын кәсіби стандарттар негізінде құрастырылған білім беру бағдарламаларында құзыреттілікке ерекше көңіл бөлінеді. Онда оқу процесінде белсенді және интерактивті оқыту әдістерін кеңінен қолдану көзделеді. Осы инновациялық бағдарламаларды іске асыру колледжде білім беруді бейіндеуге және әдіснамалық шеңберге біріктірілген оқытудың кредиттік-модульдік технологиясына негізделеді. Бұл жағдайда жұмыс және жеке оқу жоспарлары білім беру бағдарламасының мазмұнын көрсететін негізгі құжаттар болып табылады.

Бүгінгі таңда жұмыс берушілер кәсіби білімімен қатар командалық жұмысқа дағдыланған, жағдаятты алдын ала болжай алатын шығармашыл, тапқыр, қабілетті, үнемі оқуға және өзгерістерге бейімделуге дайын тұлғаларды бағалайды. Колледждің әлеуетті жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестік негізінде үздіксіз кәсіби білім берудің тиімді моделін құру мақсатында облыстағы жалпы орта білім беру мектептерінің базасында 7 кафедра филиалын ашу мақсаты да осында.

Білім беру саласындағы заманауи тенденциялар колледжде маңызды орын алады. Халықаралық білім арқылы кәсіби қауымдастық кеңістігін құруды көздеген колледж Орталық Азия университетінің білім беруді дамыту бағдарламасын (нақты ғылымдар, технологиялар, инженерлік ғылымдар, математика) енгізуді жоспарлап отыр. Осы ретте колледж дуальді оқыту жағдайында педагогтарды мақсатты даярлау және жаңа білім беру технологияларын енгізу тәжірибесін меңгеру мақсатында Орталық Азия университеті білім беруді дамыту бағдарламасы мен Ескелді ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы қатысушылары арасында өзара ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге (мектеп – колледж – жоғары оқу орны) қол қоюдың бастамашысы болды.

Әлеуметтік және экономикалық реформаларды қолдауға бағытталған, оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеріп, оларды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға ықпал ететін бұл бағдарлама болашақ педагог мамандарының ақпараттық технологияларды жетік меңгеріп, ағылшын тілін дамытуға ықпал етеді.

Осылайша, «Zhansugurov college» халықаралық білім беру кеңістігіне шығып, Қырғызстан, Тәжікстан және Канада елдерімен әріптестік байланыс орнатуға мүмкіндік алды.

Елімізде соңғы жылдары кадрларды даярлаудың инновациялық нысандарының бірі, техникалық және кәсіптік білім саласында қарқынды дамып келе жатқан «Worldskills Қазақстан» жобасы аясында колледждің базасында облыстық педагогикалық құзыреттілік орталығы ашылды. Мақсаты – педагогикалық мамандықтарда инновациялық процестерді ынталандыру және оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып колледжді құзыреттілік орталық арқылы дамыту. Құзыреттілік орталық шеңберінде кәсіптік стандарттар негізінде білім берудің модульдік бағдарламаларын жетілдіру, кәсіби эксперттік қауымдастық құру, облыс колледждері арасында модульдік-кредиттік оқыту жүйесін енгізу мен қашықтан оқытудың тәжірибесін тарату бағыттары бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Білім беру жүйесін табысты басқару үшін колледж жанынан индустриялық кеңес құрылды, оның құрамына барлық мүдделі тараптар кірді. Ол инновациялық білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, іске асыруға және бекітуге бағытталған бірқатар міндетті шешеді. Үздіксіз білім беруді ұйымдастыруда процесті нәтижеге бағыттай алатын профессорлық-оқытушылық құрам ерекше рөл атқарады.

Колледж ашылған сәттен бастап дамушы тұлғаны қалыптастыру үшін оқу процесіне университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы тартылды. Бүгінгі таңда колледжде ғылыми дәрежесі бар педагогтар мен «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығының» штаттан тыс тренерлері еңбек етуде.

Колледжде педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамытуды үнемі баса назарда ұстау қағидасы қалыптасқан. Бұған тәжірибе алмасу, білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған «Заманауи сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу», «Критериалды бағалау түсінігі, қызметі мен міндеттері», «Модульдік білім беру бағдарламаларын жобалау», «ТжКБ ұйымдарында оқытудың кредиттік технологияларын енгізудің кейбір ерекшеліктері» тақырыптарында өткен оқыту семинарлары дәлел. Дәстүрлі семинарларға модераторлар ретінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің белсенді қызметкерлері тартылады.

Үстіміздегі жылы әлемде және елімізде Covid-2019  пандемиясы салдарынан қалыптасқан жағдайға байланысты барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Осы ретте облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мониторингісінің қорытындысы бойынша колледж облыстық үздік колледждер қатарына еніп, қашықтан оқытуды ұйымдастыруда тәжірибе таратудың әдістемелік орталығы ретінде ұсынылды.

Осыған байланысты колледж облыстық білім басқармасы мен білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық семинарда «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибе бөлісті. Бұдан әрі «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov college» бағалау саясаты» тақырыбында республикалық семинар-кеңесте ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін ортаға салды. Қашықтан оқыту барысында колледж оқытушыларының бейнесабақтары «Талап» КЕАҚ, республикалық оқу-әдістемелік бірлестікте, облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында, республикалық Aitube және колледждің YouTube каналдарында жарияланды.

Білімді ақпараттандыру бүгінгі таңда оқыту жүйесін жаңартудың негізгі жолдарының бірі ретінде қарастырылады. Колледж университетпен материалдық-техникалық базаны бірлесіп пайдалану негізінде бірыңғай ақпараттық-педагогикалық кеңістік құруды көздейді. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жаратылыстану бағытының пәндерін оқытуда виртуалды лаборатория мен заманауи жаттығу құрылғыларын белсенді пайдаланды. Осы бағытта «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі қашықтан оқыту форматы жағдайындағы психологиялық-педагогикалық аспектілер мен практикасы» атты республикалық семинар өткізіп, студенттің білімін дамытудың жеке траекториясын құру үшін виртуалды зертханалық-практикалық жұмыстарды пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Жас маманмен жұмыс кәсіби және тұлғалық дамудың қайнар көзі болып табылады. Колледжде олардың ұстаз ретінде қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалған. Әртүрлі мәдени, спорттық шаралар, ең алдымен, бұқаралық жастар жобалары арқылы жүзеге асырылады. Осы орайда «Zhansugurov college» өткен жылы алғаш рет жалпы білім беретін пәндер бойынша І өңірлік олимпиада өткізудің бастамашысы болды. Нәтижесінде колледж студенттері ең жоғары нәтиже көрсетті.

Колледж қабырғасында білім алып жүрген бүгінгі студент – ертеңгі жас маман. Осы ретте колледж студенттері облыс, қала деңгейінде өтетін іс-шараларда белсенділік танытып, табыспен оралып жүр.

Мысалы, Талдықорған қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында «Үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар» байқауында «Аударма ісі» мамандығының студенттері Гүлжан Тұмабай мен Аружан Мұсабекова 1-орынды, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Марғұлан Темірлан ІІІ орынды иеленді. Облыстық «Jetisy – Startup» инновациялық идеялар байқауында Кенже Сұңқар III орынды иеленіп, ақшалай сыйақы алды. Өңірлік «Týrizm áleminde - jastar» студенттік форумында шәкірттеріміз ІІІ орынға ие болды. Колледж студенттері І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері арасындағы спартакиадада жалпыкомандалық есепте ІІІ орынды, Тәуелсіздік күніне арналған волейболдан жарыста ІІ орынды еншіледі. Командалық «Bile JMU» байқауында да жүлделі ІІІ орын тұғырынан көрінді.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп жатқа оқудан онлайн байқауында 2-курс студенті Фатимат Юсупова І орынды жеңіп алды.

Колледжде педагогтардың да республикалық, облыстық іс-шараларға қатысуына ерекше назар аударылады. Шығармашыл оқытушылар Бақыт Жанұзақова, Гүлфайрус Боранбаева, Камшат Макеева, Айман Айтжанова, Айнұр Нұрбекова, Гуля Омарова, Айгүл Сүлейменова «Білім беру ісінің ең үздік педагогы – 2020» республикалық байқауында топ жарды. «Өрлеу» республикалық оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен өткен «Өрлеу – Education» «Үздік сабақ жоспары» байқауында Динара Болатбекқызы және облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар фестивалінде қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Айгүл Сүлейменова І дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұрпақтар үндестігі» эссе байқауында оқытушы Гулмарал Бекишева ІІІ орын иегері атанса, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» ғылыми-практикалық конференциясында Гуля Омарова, Айгүл Сүлейменова «Үздік мақала» номинациясын иеленді.

«Ұйымдаса білген – ұтады» демекші, жұмыс барысында қол жеткізген жетіс­тіктеріміз үлгілі ұстаздарымыздың, ұжымның ерен еңбектерінің жемісі екені хақ. Жастарға терең білім беру мақсатында талмай ізденіс үстінде жүретін оқытушыларымыз әлі талай биікті бағындыра бермек.

Марат МӘЛТЕКБАСОВ,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov Сollege» директоры,педагогика ғылымдарының докторы, профессор

 

ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ