logo_zhsu


Контактные данные

  • Телефон:
  • Почта:

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Оқу процесінде және өндірісте қолданылатын бағдарламалық өнімдерді дамыту.
  • Роботтехника және жасанды интеллект.
  • Оқыту және тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі.
  • Қашықтықтан оқыту технологиясының әдістемесі.

 Бұл бағыттар бойынша зерттеу нәтижелері:

- «Ғылыми мақалалар, жұмыстар мен зерттеулерді Scopus, Thomson reuters, Web of Science индексирленген журналдарда жариялау» тақырыбында университет көлемінде семинар жүргізілді.

- «Оқу үрдісінде АКТ қолдану» тақырыбында семинар өтті.

- «Kahoot тест құру бағдарламасын сабақ үрдісінде қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.

- «Пәндер бойынша тапсырмалар жасауға арналған бағдарламаларға талдау жасау» тақырыбында семинар өтті.

- «Использование видеоредакторов для обработки видеоматериала» тақырыбында семинар жүргізілді.

- «Иллюстративті материалдар жасауға арналған бағдарламаларға талдау» тақырыбында семинар өтті. 

 

 Кафедраның негізгі ғылыми және ғылыми-әдістемелік жобалары:

- Жаратылыстану-техникалық және математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру: теория және әдістеме;

- Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагогикалық жоғары оқу орындары білімгерлерін инновациялық кәсіби қызметке дайындаудың әлеуметтік-педагогикалық негіздері

- Мобильді платформалар құралдарымен компьютерлік алгебра есептерін шешуге арналған тиімді алгоритмдерді зерттеу

- Оқу процесінде және өндірісте пайдаланылатын бағдарламалық қамсыздандыруларды құру

- Сағаттар есебі программасын жасау

- Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасау әдістемесі

- Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттерін дайындауда деректер қоры негіздерін оқытуда мультимедиа технологияларды пайдалану