Жетысуский государственный университет имени Ильяса Жансугурова

Болон процессі

Болон процессі – жалпы біркелкі білім беру кеңістігін құруға арналған қозғалыс. Қазақстан 11 наурыз 2010 жылы Еуропалық жоғарғы білім беру аймағына енді. Декларация мақсаты – еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми зерттеулерді қорғау және жақсарту құралы, мөлдірлік пен мобильділікті көтеру құралы болып табылады.
Болон декларациясының негізгі қағидалары:
1.Салыстырмалы дәрежелердің жүйесінің қабылдануы, дипломға қосымшаны ендіру арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамассыздандыру және еуропалық жоғарғы оқу жүйесінің халықаралық бәсекелестікті жоғарлату;
2.Көп деңгейлі білім беру: алдын-ала және бітіруші;
3.Ауқымдық студенттік ұтқырлыққа жәрдемдесу мақсатында еуропалық сынақ бағанын енгізу.
4.Оқушылардың ұтқырлығын маңызды дамуы (екі аталған пункт негзінде) Еуропалық аймақта жұмсалған уақыты арқылы оқутышылардың және басқа қызметкерлердің ұтқырлығын кеңейту. Ұлтаралық оқу стандарттарды бекіту.
5.Салыстармалы критерийлерді және әдістемелерді әзірлеу мақсатында. және еуропалық серіктестіктің сапасын қамтасыздандыруға жәрдемдесу.
6.Студенттерді және жұмыс берушілерді ЖОО қызметін сыртқы бағалауға қатыстыру және ЖОО оқу сапасын бақылау жүйесін еңгізу.
7.Еуропалық жоғарғы оқу жүйесіндегі қажет көзқарастарға жәрдемдесу, әсіресе оқу жоспарының даму саласында, институтаралық қарым-қатынаста, ұтқырлық жүйесі мен бірлескен білім беру бағдарламаларында, іс-тәжірибелік даярлық және ғылыми зерттеулер ұйымдастыруда.
Болон жүйесінің біліктілігі үшін Дублиндік дискрипторлардың маңызы зор. Олар үш деңгейлі жоғарғы оқу жүйесі үшін арналған. Дублиндік дискрипторлардың бес негізгі оқыту қорытындысы бар:
1.Білу және түсіну;
2.Тәжірибеде білімді қолдану және түсіну қабілеттілігі;
3.Шешім шығару қабілеттілігі, ой бағалау және қорытындыларды жүйелендіру;
4.Қарым-қатынас саласындағы қабілеттілігі;
5.Білім бері саласындағы қабілеттілігі.