Жетысуский государственный университет имени Ильяса Жансугурова

Университет тарихынан

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 1972 жылы білім беру қызметін бастады.
2006 жылы университет 5 жылдық мерзімге мемлекеттік аттестациядан табысты өтті.
Университет қызметі негізгі стратегиялық – инновациялық бағдарламаларды - Қ Р индустриалды-инновациялық дамуының Президенттік стратегиясын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 29 қаңтар 2010 жылғы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыруға бағытталған.
Университет тарихынан
1972 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институты ашылды. Алғашқы жылдары жоғары оқу орнында филология және физика математика атты 2 факультетте 225 студент білім алып, 5 кафедрада 25 оқытушы қызмет атқарды.
1999 жылы институт І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне айналды (ЖМУ). ЖМУ-да келесі мамандықтар байынша аспирантура ашылды: “Дифференциалды теңдеу”, “Жалпы педагогика”, “Қазақ әдебиеті”, “Оқыту және тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі”, “Қатты дененің деформациялану механикасы” және т.б.
2010
Бүгінгі таңда университет сәулетті 3 ғимаратта орналасқан. 6 факультет бар: педагогика және психология, математика және жаратылыстану, заң, қаржы-экономика, гуманитарлық, мәдениет және өнер. Онда 41 мамандық бойынша 5809 студент білім алып жатыр. Оның 3085 күндізгі, 2724-і сырттайғы бөлімде оқиды.
Университетте 350-ден астам оқытушы қызмет етеді, олардың 10-ы ҚР-ның Ғылым академиясы салаларының және халықаралық академиялардың корреспондент мүшелері, 21-і профессор - доктор, 1-философия ғылымдарының докторы (Ph.D) 120 ғылым кандидаттары, 25 –і магистр, 80-і доцент.
Университет үздіксіз білім беруді жүзеге асырады. Колледж, университет, магистратура кешенді білім берудің жаңа үлгісі.
Жетісу мемлекеттік университетінде студенттер 40 мамандық бойынша бакалавриат, 18 мамандық бойынша магистратура және 4 мамандық бойынша доторантурада білім алады

Университетті әр жылдары басқарған басшылар:
(1972-1977 жж.) Рустемов Лениншил Зиябекұлы
(1977-1987 жж.) Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы
(1987-1989 жж.) Салагаев Валерий Георгиевич
(1990-1995 жж.) Жапаров Жомарт Жапарұлы
(1996-1998 жж.) Касабек Аманжол Касабекұлы
(1998-2001 жж.) Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы
(2001-2008 жж.) Медеуов Есенгелді Өміржанұлы
( 2008 жылдан бері ) Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы
Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғанов 2008 жылдың сәуір айында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректорының қызметіне кірісіп, осы аз уақыт аралығында ұжымның болашақта дамуының бірқатар стратегиялық міндеттерін анықтады.
2008 жылдың қазан айында Болонья қаласында (Италия) университет ректоры Ә.Е.Бектұрғанов Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.
2013 жылдың 7 ақпан күні Шах-Алам қаласында Ғылым және менеджмент университетімен меморандумға қол қойды (Малайзия).
2013 жылдың сәуір айында Конджу ұлттық университетімен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды (Корея Республикасы).
2013 жылдың 28 қараша күні Варшава университетімен меморандумға қол қойылды.
2014 жылдың мамыр айында университет ректоры Ә. Е. Бектұрғанов тәуелсіздікті нығайту, ұлттық бірлік және мәдениетаралық диалогті дамытудағы елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы бірлігінің «Бірлік» Алтын медалімен марапатталды.
2014 жылдың 3 маусым күні университет Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттікте Аккредитациялық Кеңестің шешімімен бакалавриат және магистратураның 20 білім беру бағдарламасы бойынша институтционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
2014 жылдың шілде айында Халықаралық біліктілікті көтеру орталығымен келісім-шартқа қол қойылды.
2014 жылы университет ҚРның үздік ЖОО рейтінгісіне қатысып 8-ші орынды иеленді!