2013 жылдың 21 мамырында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті бас оқу ғимаратының үлкен мәжіліс залында «Үздік жыл
кураторы-2013» атты байқау өткізілді. Тәрбиелік мәні зор шараны өткізудегі басты мақсат - кураторлардың қызметін кең өріс алдырып, университеттің тәрбиелік жұмыстарының сапасын арттыру.
2013 жылдың 22-29 сәуір аралығында Жетісу мемлекеттік университеттің 2-ғимаратының оқу залында жерлес апамыз Бикен Римованың 90 жылдығына арналған викторина өтті.
Михеева Е.Д.
Аса құрметті Елбасы!
Уважаемые участники XX юбилейной сессии Ассамблеи!
Я, студентка Жетысуского государственного университета имени Ильяса Жансугурова. Я вступаю во взрослую жизнь. Поэтому для меня, уважаемый Нурсултан Абишевич, Ваше Послание - это моя личная Дорожная карта.
Весь прошедший год проведен под знаком «Государство для молодежи - молодежь для государства», старт которому Вы дали на XIXсессии Ассамблеи. Принята Концепция молодежной политики, которая дала нам возможность осознать свою роль в жизни государства и сделать следующие выводы.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде 2013 жылдың 19-20 сәуір аралығында «Ілияс әлемі» атты республикалық студент жастар фестивалі өтті. Фестивальға еліміздің 22 жоғары оқу орнынан 138 студент қатысты. Поэзия Құлагері – Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық әлемін тану, таныту мақсатында өткізілген іс-шараға студент жастар 6 номинация бойынша сайысқа түсті.
Химия және биология кафедрасына кәсіби бағдар жұмысы бойынша бекітілген Талдықорған қаласындағы №6 Макаренко атындағы орта мектебінің мектеп бітіруші түлектеріне кітапшалар таратылып және 10 сәуірде кафедраның зертханалары мен ғылыми орталықтың жұмысымен таныстырып түлектерге үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
18 сәуірде БҚ-111; 311 және ЭҚ-211 топтарынан құралған 14 білімгер физика-математика факультетінің деканы Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі Е.С. Андасбаевтың ұйымдастыруымен және химия және биология кафедрасының аға оқытушысы б.ғ.к. А.С. Акмуллаеваның жетекшілігімен университет қарамағындағы «Қарлығаш» лагерінде көгалдандыру жұмысы бойынша 30 шырша егіп қайтты.
2013 жылы сәуір айының 17 жұлдызында сағат 14.00-де И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінінің кітапханасында «Жас маман-2013» бос жұмыс орын жәрмеңкесі өткізілді. Кездесу барысында университетіің 629 түлегі кәсiпорындар мен ұйымдардың корпоративтік мәдениеті және кадрлық саясаты туралы біліп, өздерінің резюмелерін беруге мүмкіндік туды.
Академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық бағдарламасының іске асу мақсаты аясында 15.04.2013 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне Корей Республикасының Бас консулы, Вице-консул, Алматы қаласында Корей Республикасы бiлiм беру ортасының директорлары келді. Бас консул «Развитие экономики Кореи» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттер және оқытушылар Корей елі экономикасы дамуы туралы бірқатар сұрақтар қойды.

























