Жетысуский государственный университет имени Ильяса Жансугурова
24 апрель 2015
700
0

Информационное письмо

Құрметті әріптестер!

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 2015 жылдың 17-18 сәуіріне жоспарланған  І.Жансүгіровтің туған күніне орай өткізілетін «Алашы ардақтаған ақын» атты республикалық студенттер мен магистранттардың ғылыми-практикалық конференциясының ел өміріндегі елеулі оқиғаларға (ҚР Президентінің сайлауы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы  Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы) арналған іс-шаралардың бірінен кейін бірі өтуіне байланысты 2015 жылдың 15-16 мамырына ауыстырылғандығын хабарлайды.

Конференция жұмысының бағыттары:

  1. Ілиястанудың заманауи бағыттары
  2. І.Жансүгіровтің әдеби мұрасының көркемдік әлемі
  3. І.Жансүгіров шығармашылығы және ұлттық тілтаным

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Материалдарды рәсімдеу тәртібі:

Баяндама мәтіні (5 бетке дейін) 6.0 (7.0) мәтіндік  WORD редакторында “Tіmes New Roman” шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, әр жол арасы – 1, барлық жағынан жол жиегі – 20мм,  азат жол - 1.25см.) жазылуы тиіс.

Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, майлы бояумен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін майлы бояумен  автордың аты-жөні, келесі жолға курсивпен мекеме, қала  аты, автордың E-maіl адресі жазылады. Бір жолдан кейін негізгі мәтін басталады.

Конференцияға ұсынылатын баяндамада ғылыми зерттеулердің көкейкестілігі, нәтижелері немесе  практикалық маңызы ашылуы тиіс.

Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген электрондық поштамен, ал қағазға басылған мәтіні төменде көрсетілген мекен жайға жіберілуі керек. Ұйымдастыру жарнасының түбіртегі сканерден өткізілген (jpeg) немесе (pdf) форматындағы нұсқасы электронды пошта немесе факс арқылы ұсынылады.

Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

Баяндамамен бірге төмендегідей тіркелу үлгісі жіберілуі тиіс:

Аты-жөні, тегі:___________________________________________

Ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы: _______________________

Жұмыс орны: ____________________________________________

Мекен-жайы: _____________________________________________

Телефоны,  E-maіl:________________________________________

Баяндама тақырыбы, секциясы: ______________________________

Автордың конференцияға келу мүмкіндігі: _____________________

Баяндама мен тіркелу үлгісін өткізу мерзімі: 2015 жылдың 9 мамырға дейін.

Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференцияның басталуына дейін басып шығаруды жоспарлайды. Баспа шығыны/жарна - 2000 теңге.

Ұйымдастыру жарнасын университет кассасына немесе төмендегі есеп-шотқа аударуларыңызды өтінеміз: 

     І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

     РНН 531400011685

     БИН – 990140003041

     ИИК – KZ566010311000005234

     КБЕ 16

     БИК - HSBKKZKX,

     ТРФ 319900 АҚ «Қазақстан Халық банкі»,  Талдықорған қ-сы.

«Алашы ардақтаған ақын» деп көрсетілген түбіртек баяндама мәтінімен қоса жіберілуі керек. Конференцияға қатысуға және жинақ материалдарының жіберілуіне байланысты шығындар қатысушының өз есебінен жүзеге асырылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 040009, Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі 187 А, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 307 каб., Ғылым және инновациялық технологияларды коммерциализациялау офисі. Телефон:(8-7282) 22-17-79, ішкі (1169), е-maіl: zhgu_konf@mail.ru

 

 

Поделиться новостью