Жетысуский государственный университет имени Ильяса Жансугурова
4 июнь 2015
1601
0

«100 нақты қадам»

Бүгін, 4.06.2015ж. күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «100 нақты қадам» Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі Қазақстан халқына арнаған жоспарын» талдау-насихаттау мақсатында ашық дәріс-кездесу өтті. Бұл жоспар барша қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырады.

Еліміздің дамуының басты принциптерін университеттің профессор-оқытушылар құрамына насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін университетіміздің белгілі профессоры, философия ғылымдарының докторы Касабек Аманжол Қасабекұлы ашық дәріс оқыды. Профессор өз сөзінде Елбасының халыққа жолдаған 100 нақты қадамын іс жүзінде жүзеге асырудың жолдарына тоқталды.

Кездесуге 7 факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен бөлім қызметкерлері қатысты. Бұл бағдарлама университет қызметкерлері арасында қызу талқылану үстінде. ПОҚ та өз тұрғысында үлкен бастамаға үлестерін қосып, аянбай еңбек етуде.

«100 нақты қадам» «100 нақты қадам»

Поделиться новостью