logo_zhsu

Поздравление с 16 декабря

Поздравление с 16 декабря

 

Сіздерді  ұлы мереке  – Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.

Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!

         Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегімізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!