logo_zhsu

ХІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Ақпарат көзі: Гуманитарлық факультет

 

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы  2020 жылдың 20 мамырында 6B01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІ республикалық онлайн пән олимпиадасын өткізді. Бұл шара Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында  ұйымдастырылды.

 

 Пән олимпиадасының екі кезеңі бойынша қорытынды балдары қатысушы ЖОО-ларға онлайн жарияланды. Командалық орындар төмендегідей тағайындалды:

 

І орын – Сулейман Демирель атындағы университет, Алматы қ.

ІІ орын – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.

ІІ орын – Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Павлодар қ.

ІІІ орын – Мардан Сапарбаев институты, Шымкент қ.

ІІІ орын – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ.

ІІІ орын – Еуразия гуманитарлық институты, Нұр-Сұлтан қ.

 

(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)